Quantcast
Channel: Оқиға ортасында
Viewing all articles
Browse latest Browse all 10

Қазақстанда қанша "авторитет"бар?

0
0

Таяуда еліміздің құқық қорғаушылары  Қазақстандағы қылмыс әлеміне өз ықпалдарын орнату мақсатында Алматыға келген бірнеше «заңды ұрыларды» қолға тү­сіргені туралы мәлімдеген болатын. «Ворлардың» барлығы да Ресей мен Грузиядан келген екен. Алматы мен Алматы облысында бірқатар жиындар өткізбек болған оларды тұтқындау арқылы құқық қорғаушылар бірнеше «тапсырыстың», яғни кісі өлті­рудің алдын алған. Сонымен қатар қыл­мыстық топтар арасында ықпал жүргізу аумағы үшін болуы мүмкін «разборкалардың» да жолын кескені туралы айтылады.

avtoritetДей тұрғанмен таяуда ішкі істер ми­нистрлігінің кейбір жауапты қызметкер­лері аузынан республикамызда  қыл­мыстық ахуалдың өршіп кетуі мүмкін екендігі туралы да айтылып қалды. Елі­мізде жұмыссыз­дықтың белең алуына байланысты қылмыстың арта түсуі ықтимал көрінеді. Әсіресе бұл Орта Азия ау­мағының мә­дени және қаржы орталығы саналатын Алматыда орын алуы мүмкін. Өйткені Алматыда жұмысын жүргізіп жат­қан отандық кәсіпкерлер көп, ақша да мол. Қала қылмыс әлемін осынысымен қызықтырады. Онда 90-шы жылдардағы дағдарыс кезінде туындап, қалыптасып қалған қылмыстық орта бар.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 10

Latest Images

Trending Articles





Latest Images